Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына АҚШ-тағы тұрмысын көрсетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеоның бірінде көршісін көрсетіп, бір мақтанып алды.
"Құдай маған көршіні бере салды. Ирина, сізбен көрші болғанымызға қуаныштымыз. Өзі Челябинсктікі, жолдасы Мексикадан. Үш баласы бар", – деді Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ өнер иесі тағы бір видеосында өзінің Tesla маркалы көлігін көрсетті. Оның функцияларын, ерекшеліктерін айтып, видео жариялады.