Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айдос Үкібай Сара Алпысқызының өмірден өткенін жоққа шығарды

17:18, 14 мамыр 2025 255

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, Alash.KZ.

"БАҚ-тан келіп түскен көптеген сұрауларға жауап ретінде Сара Алпысқызы, Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы ауруханада емделіп жатқанын хабарлаймын. Оның қазасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген жазбада.

Оның айтуынша, Сара апа тірі, жағдайы тұрақты және дәрігерлердің ұдайы бақылауында.

 

Совминканың маңында шоғырланған қарақұрым қауым экс-президенттің күзет қызметі екен. Соңғы күндері Нұрсұлтан Назарбаев зайыбының жағдайын білуіге жиі-жиі келіп кетіп жүрген көрінеді. 

Аурухананың алдындағы бүгінгі абыр-сабыр да Назарбаевтың келісімен байланысты болған, деп жазды Әшкере телеграм арнасы.



Айта кетелік, бұған дейін бірқатар БАҚ "Сара Алпысқызы өмірден озды" деген ақпарат таратқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар