Жетісу өңірінде әскерге шақырылған 18 жастағы сарбаздың қайтыс болғаны туралы жарияланды.
Қайтыс болған әскери қызметкердің туыстары Tengrinews.kz редакциясына хабарласып, мән-жайды анықтауды сұрады, деп жазады Alash.KZ.
Қаза болған сарбаз жетісайлық 18 жастағы Дастан Құрманбектің ата-анасы ұлы "Калашников автоматынан өзіне оқ атты" дегенге сенбейді. Олар ұлдарының өлімін әділ тергеуді талап етіп отыр.
Айтуларынша, оқиға полигонда болған. Дастан Құрманбек қаза болмай тұрып, бір күн бұрын әкесі гарнизонға барып келген. Сонда ұлының жүзінен қандай да бір қорқынышты байқаған. Бірақ ұлы ештеңе ашып айтпаған.
Туыстарының сөзінше, оқ атылған Калашников автоматының өзі де Дастан Құрманбекке тиесілі емес. Туыстарына берілген құжатта Дастан Құрманбектің Кербұлақ ауруханасында көз жұмғаны жазылған. Туыстары марқұмнынан денесінен зорлық-зомбылық іздері байқалмағанын айтты.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің "Қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын бұзу" (462-бап, 2-бөлік) бабы бойынша іс қозғалған.
«14 қаңтар күні менің туысым, 18 жастағы Құрманбек Дастан Маратұлы әскерде қаза тапты, ол өзін-өзі атып өлтірді деді... Өзін өзі қалай атуға болады?" дейді, тағы бір туысы.
Хабарламаға жас жігіттің қайтыс болғаны туралы куәлік қоса берілген.
Қайғылы оқиға Қорғаныс министрлігінің 12740 әскери бөлімінде болғаны атап өтілді.
Сондай-ақ келесі мазмұны бар хабарламаның скриншоты қоса беріледі:
Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Бөлімге ресми сауал жолданған.
2006 жылғы Дастан Құрманбек отбасындағы алты баланың төртіншісі. Әскери қызметкер болғысы келген ол былтыр қазанда өзі әскерге сұранып кеткен. Ізінше туыстарына “бұл шешіміне өкінетінін” жеткізген. 16 қаңтарда Жетісайда туыстары марқұмды жер қойнына тапсырды.