Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әблязовты 15 жыл іздеуде жүрген сыбайласы "сатып кетті". Өз еркімен елге қайтты

14:22, 15 мамыр 2024 452

Саяси оппозиционер Мұхтар Әблязовтың сыбайласы, Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды. Ол 2009 жылдан бері 15 жыл бері іздеуде жүрген. Әблязовтың сыбайласы 15 мамырда Интерполының көмегімен Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматыға жеткізілгені айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Күдіктінің жақын туыстары іске араласып, адвокат түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, Богданов Қазақстанға оралуға ниет білдірген. Сонымен қатар, тергеу ісіне араласуға, жәрдемдесуге ықылас танытқан.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда», – делінген Антикор хабарламасында.

Айта кетейік,талапқа көндіккен күдіктінің ерікті түрде оралғаны, кінәсін толық мойындағаны, тергеу ісіне араласуға ниет білдіргені үшін жазасы өзгертілді. Богдановты қамауда ұстау шарасы «кепілге» өзгертілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға оралды. Ол өз еркімен елге оралып, Алматы әуежайында ұсталды

Орайы келгенде айта кетейік,Богданов «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы болып жүрген кезінде банктен 300 млн теңге жымқырған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар