Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абай облысындағы орман өртіне қатысы барлар сотталды

16:05, 13 мамыр 2024 432

Абай облысының соты ірі орман өрті туралы іс бойынша үкім шығарды.

Бородулиха аудандық соты ҚК 292-бабы 3-бөлігі "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық істі қарады.

"Сот "Семей орманы" резерватында және Жаңа Үлбі филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. орман өрті кезінде оларға жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін, соның салдарынан 14 адам қаза тапқанын анықтады. В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және т. б. толық дәлелденген", - делінген соттың хабарламасында.

Осы айтылғандардың жазасы ретінде сот екі азаматты 7 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар