Баланы шөп қайнатпаларымен емдеген ата-ана оны өлтіріп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Shot арнасының мәліметінше, ата-анасы баланы ешқашан дәрігерге апармаған.
“Кеше кешкісін бала кенеттен өзін нашар сезініп, тынысы тарылып, есінен танып қала бастады. Сол кезде оның ата-анасы – Сергей мен Валентина жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер жеткенде, баланың көз жұмғанын анықтады. Кейіннен белгілі болғандай, ата-анасы халық медицинасының жақтаушылары екен. Балақайдың әкесі дәрігерлерге және дәрі-дәрмектерге сенбейтін, өйткені кезінде анасы қатерлі ісіктен қайтыс болған. Бір айдан астам уақыт бойы олардың ұлы кеуде тұсындағы ауырсыну мен ұстамалардан зардап шеккен, бірақ оған ешқандай дәрі берілмеген – тек жалбыз, қалақай, зире және басқа да өсімдіктердің қайнатпаларымен емдеген”, – деп хабарлайды SHOT.