Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“4 бүлдіршін қаза болды” - Эпилепсия ұстамасымен жол апатын жасаған азаматқа сот үкімі шықты

16:38, 30 желтоқсан 2025

Абай облысында төрт баланың өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бестерек ауылында алты бала зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі аяқталды. Бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзғаны үшін 55 жастағы ер адам кінәлі деп танылды. Сот оған жалпы режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, 7 жыл бойы көлік басқару құқығынан айырды.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 19 тамызда көлік қозғалысы кезінде жүргізушінің эпилепсия ұстамасы ұстап, соның салдарынан автокөлік аулада ойнап жүрген балаларды қағып кеткен. Төрт кәмелетке толмаған бала қаза тауып, екеуі жарақат алған.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам эпилепсия диагнозымен есепте тұрған және оның көлік жүргізуге құқығы болмаған. Соған қарамастан, ол 2020 жылы медициналық комиссиядан өтіп, жүргізуші куәлігін жаңартып алған. Туыстары бұған дейін оның денесінде тек жеңіл құрысулар ғана болғанын алға тартты.

Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін өңірге дәрігерлер жіберіліп, жергілікті билік қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетуге уәде берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар