Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

4 адам көз жұмды, 4 адам ауруханаға түсті: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

12:45, 11 желтоқсан 2025
 

Кеше Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Alash.KZ.

10 желтоқсанда шамамен 14:15-те Алматы–Өскемен тасжолының 462-шақырымында екі көлік жол апатына ұшыраған.

Алдын ала деректер бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар