Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызметі өсті”: Әсел Жанасова жауапты қызметке тағайындалды

16:28, 10 желтоқсан 2025

Әсел Жанасова Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2010-2014 жж. - Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры.   

2014-2016 жж. - ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.  

2016-2017 жж. – «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы. 

2017-2018 жж. - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі.   

2022 жылғы 3 қазаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымында қызмет істеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар