ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада және ғылыми додалардың жеңімпаздарына қатысты жақсы жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұдан бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша маңызды заң қабылданды. 2021 жылдан бастап, біз Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бір реттік үстемақыны (5 млнға дейін) беруді бастадық. Бұл - Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына және оны дайындаған ұстаздарына берілді. Бұл жерде тыс қалып қойған бір категория бар. Ол - халықаралық ғылыми додалардың жеңімпаздары, олимпиада емес. Енді, біз халықаралық ғылыми додалардың қатысушыларына және орын алған балаларға осы заңға тиісті түзетулерді енгіздік. Бастамамыз қолдау тапты.