Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әйелін көршісімен ішімдік ішкені үшін, пышақтап тастаған” - Ақтөбедегі жанжал туралы жаға ұстатарлық ақпарат анықталды

16:21, 10 желтоқсан 2025

Ақтөбе облысының 41 жастағы тұрғыны қызғаныштың жетегінде әйелін пышақпен жаралаған, деп хабарлайды Alash.kz. 

Таң ата күйінде көршінің үйінен тек халатпен оралған әйел өзін қорғауға тырысқанда ас үй пышағын қолына алған. Артынша, ер адам пышақты тартып алып, оның ішінен ұрған. Жараланған әйел іш қуысының тілік-жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Сотта ер адам түсіндіргендей, сол кеште ерлі-зайыптылар бірге ішімдік ішкен. Түннің ортасында әйел үйден шығып кетіп, тек таңғы уақытта халатпен қайтып келген. Оның айтуынша, көрші әйелдің қалған киімдері мен кілтін әкеліп, “ұмытып кетіпті” деп бергеннен кейін қызғаныш сезімі күшейген.

Көршінің өзі сотта әйелмен бірге бір бөтелке арақ ішкенін, содан кейін оның үйіне қайтып кеткенін айтқан. Ал жәбірленуші күйеуін кешіргенін және ем қабылдағанын мәлімдеді. Соған қарамастан, сот айыпталушыны қоғамнан оқшаулау қажет деген шешім шығарды.

Қызғаныштан қылмыс жасаған ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді, себебі бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар