Танымал боксшы Қуат Хамитов үйлену туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
ТикТок әлеуметтік желісінде Қуат Хамитов журналистердің үйлену туралы сұрағына жауап берген видеосы тарады.
Видеода желі жұлдызы қашан шаңырақ көтеретінін тұспалдап жеткізген.
“Қайрат Хамитов интервьюда сізге “үйлену керек” деді. Осы туралы нақтылап кетсеңіз?”- деп сұрақ қойды журналист,
”Қайрат айтса, үйлену керек. Бауырым екеуміз кішкентай кезден бірге өстік. Спортқа, ММА-ға бірге келдік. Ол айтса, демек жақын арада үйленетін шығармыз”,- деді ол өз сұхбатында.