Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«32 алтын»: Қазақстан Көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті

19:23, 06 қыркүйек 2026

6 қыркүйекте Бішкек қаласында (Қырғызстан) 31 тамыздан бері өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде мәресіне жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Informsports.kz мәліметінше, спорттық доданың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Екінші орынға 30 алтын, 35 күміс және 19 қола медаль иеленген Қырғызстан құрамасы жайғасса, үздік үштікті 7 алтын, 8 күміс және 21 қола жүлдемен Ресей түйіндеді.

5 алтын, 3 күміс және 13 қоламен 4-орынды Моңғолия алса, Өзбекстан 4 алтын, 4 күміс және 11 қола медальмен 5-орынды місе тұтты. 

Турнирдің басты оқиғасы ретінде көкпардан өткен финалдық кездесуді атауға болады. Өкінішке қара, бұл жолы Қазақстан құрамасы қырғыз спортшыларынан 7:2 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, енді 2028 жылы кезекті Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар