Панамада 31 жыл жасырынған лаңкес ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Венесуэла, Интерпол және халықаралық барлау қызметтері Маргарита аралында 1994 жылы Alas Chiricanes ұшағына жасалған жарылыстың басты күдіктісі Әли Заки Хаге Жәлилді қолға түсірді.
Жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, оның 12-сі Панамадағы еврей қауымдастығына тиесілі еді. Тергеушілер Жәлилдің оқиғаға тікелей қатысы барын растаған.
Күдікті жылдар бойы өзге есіммен жасырынған. АҚШ оны ұстаған адамға 5 миллион доллар сыйақы тағайындаған. Қазір күдікті өмір бойына сотталуға дайын тұр.
