11 шілдеде Қарағандыда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінің 1991-1995 жылдардағы түлектерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Германия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан бұрынғы курсанттар жиналды, деп жазады Alash.kz.
Олардың қатарында – қызметін жалғастырып жүрген жандар, ІІМ ардагерлері және басқа салаға ауысқандар да бар.
Кездесудің айшықты сәті – 1995 жылғы түлектердің сыйы ретінде Ішкі істер министрлігінің тұңғыш министрі Шырақбек Қабылбаев атындағы дәріс залын ашу болды. Қатысушылар өмірден озған достарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Одан кейін 30 жыл бұрынғыдай сап түзеп, бір қатарда жүріп шықты.
Түлектер мұндай кездесулерді жалғастыра беруге, 35, 40 жылдан кейін де жиналуға уәде берді.