Қазақстандық маркетплейсте Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосуреттері жинақталған альбом 150 мың теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz Тіл кеспек жоқ Telegram арнасына сілтеме жасап.
«Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның тұңғыш президенті» атты фотоальбомның авторы — Нұртай Әбіқаев. 1997 жылы шыққан бұл басылымға 149 мың теңге баға қойылған. Сондай-ақ, оны бөліп төлеу мүмкіндігі де бар — айына 12 мың теңгеден.
Кітап авторы — Назарбаевтың ең жақын серіктерінің бірі, бұрын Президент әкімшілігінің, ҰҚК-нің басшысы және экс-президенттің бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған.