Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«13 жасар қызға азғындық көрсеткен»: Петропавлда ерлі-зайыптыға үкім шықты

10:34, 06 қазан 2026

Петропавлда 13 жастағы мектеп оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ерлі-зайыптыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өткен процесте 34 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылса, оның 32 жастағы әйелі 20 жылға сотталды. Екеуіне де Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған.

Сот шешімімен ер адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ал әйелдің қылмысты тікелей өзі жасағаны дәлелденбегендіктен, ол аталған айып бойынша ақталып, қылмысқа көмектескені үшін орташа қауіпсіздік мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді.

Қайғылы оқиға Рабочий кентіндегі ерлі-зайыптының баспанасында орын алған. Кондитер болып істейтін ер адам мен санитар болып жұмыс істейтін әйел екі бала тәрбиелеп отырған. Іс материалдарына сүйенсек, олардың үйіне жиені 13 жастағы таныс бойжеткенмен қонаққа келген. Жасөспірім бозбала ұйықтап кеткен сәтте қызды жатын бөлмеге шақырып, ауыр қылмыс жасаған. Мектеп оқушысы оқиғаны ата-анасына жеткізіп, олар дереу полицияға арызданған.

Фемида өкілдері зардап шеккен қыздың пайдасына берілген азаматтық талап-арызды толығымен қанағаттандырды. Сотталған жұп 6 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге және сот сараптамаларына жұмсалған 3,6 миллион теңгені өтеуге міндеттелді.

Сондай-ақ сотталғандардың кәмелетке толмаған қос перзентіне қатысты жеке қаулы шығарылып, олардың ары қарайғы тағдырымен қорғаншылық және қамқоршылық органдары айналысатын болды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар