Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зілтемірші Илья Ильин ішкілікке салынып кеткен Алмас Өтешевтің қазіргі жағдайын көрсетті

12:19, 21 тамыз 2024 2242

Қазақстандық танымал ауыратлет Илья Ильин Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында бұрынғы командалас әріптесі Алмас Өтешевтің жағдайына қатысты ой айтты. Зілтеміршінің сөзіне қарағанда, Алмас соңғы он жылда ішкілікке салынып кеткен. Илья Ильин досының клиникада жатқанын көрсетті, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы.

Илья Ильин көпшілікке Алмастың қазіргі жағдайын көрсетіп,  Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатқанын айтты:

Сәлем достар!

Уәде еткенімдей, мен сізге Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатыр.

Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік, - деді Илья Ильин. 

Нақтылай кетейік, зілтемірші досының соңғы он жылда ішкілікке салынып кеткенін айтқан еді.

Алмас менің досым. Екеуміз жасөспірім кезімізден бірге жаттықтық. Кейіннен ол менің командама қосылды. Мені бірінші болып қолдағандардың қатарында. Қазақстан құрамасынан кетті. Менің жаттығуыммен, жоспарыммен жұмыс істеді. Біз әлем чемпионатында үздіктер қатарына ену туралы мақсат қойдық, ол күміс жүлдегер атанды. Өкінішті әрине. Бір сәтте кез келген адам қиындыққа тап болады. Бірақ ол сол қиындықтан шыға алмай қалды. 10 жылдан бері ішіп жүр. Ол сұхбатында көп шындықты айтты, өте көп. Өзінің реніші де бар. Бұл оның жанайқайы еді, - деді Ильин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар