Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үстімнен басқа әйелдің иісі шығып тұрмасын». Тоқтар Серіков тоқал алу туралы толғады

17:14, 19 сәуір 2025 318
 

Әнші Тоқтар Серіков екінші әйел алуға қатысты пікір білдірді. Елге танылған өнер жұлдыздының мұндай қадамға баруына баласы бөгет болған, деп хабарлайды Alash.kz.

Әншінің өзі желіде айтқан пікірінде балаласына бола екінші әйел алмай жүргенін дәйектейді:

"Екінші әйеліммен ұйықтап жатқанда аяқастынан бірінші үйімдегі балама ауаудай қажет болып, балам тұрып мені іздеді сонда мен қасынан табыла алмай қалдым. Қандай сорлылық? Мен ол баланың әкесімін бе, оның қасында міндетті түрде ұйықтауым керек. Бөтен жерде жатпауым керек. Мені таңертең балам иіскеп шығарып салады. Ал мен үйге қайтып келгенде басқа әйелдің иісімен келетін болсам, не деген сорлы әке боламын? Әйелімнің көңіліне келмесін. Бірақ мен баламды әйелімнен жоғары қоямын. Балам менің бойымнан жаман қасиет көретін болса, мен - тірі өлікпін. Балам мен үшін жылайтын болса, сол жерде өзімді атып тастауға бармын", - деп жазды әнші.

Орайы келгенде айта кетейік, Тоқтар Кәдірұлы Серіков 1975 жылы туған. Елге әнші, сазгер, эстрада саңлағы, термеші, домбырашы есебінде танылған. Белгілі әнші, сахна еркесі Бейбіт Сейдуалиевамен бірге шаңырақ көтерген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар