Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Үшінші дүниежүзілік соғыс болмайды”. Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды

10:23, 14 қазан 2025 119

АҚШ, Мысыр, Катар және Түркия Израиль мен палестиналық «Хамас» қозғалысы арасындағы бітім жөнінде келісімге қол қойды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамп, Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху еврей халқының Симхат-Тора діни мейрамына байланысты саммитке қатысудан бас тартты.

– Бұл бейбітшілік үшін ұлы күн, бұл Таяу Шығыс үшін ұлы күн. Үнемі Таяу Шығыста үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп айтатын, бірақ ондай болмайды. Біз соғыстың еш жерде басталғанын қаламаймыз, ондай болмайды, – деді Трамп .

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар