Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бастапқыда-ақ белгілі болған”: Шерзат Полат ісінде куәгер болған екі әйелге қатысты тың дерек шықты

20:26, 13 қазан 2025 377

Шерзат Полат ісінде куәгер болған екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалмайды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Шын мәнінде бұл қылмыс бірден анық болды. Біз бастапқы сәттен-ақ барлық қатысушыларды анықтап, ұстадық. Иә, бұл — ауыр қылмыс, қайғылы жағдай. Біз оған дереу баға бердік. Сіз атап өткен азаматшаларға қатысты айтар болсам, олардың әрекеттерінен қылмыс құрамы табылған жоқ. Әрине, біз соттың ұсыныстарын алдық, бәрін мұқият қарадық. Бірақ қылмыс құрамы жоқ. Олар істі куәгер ретінде өтті. Бұл бастапқыда-ақ белгілі болған, дегенмен біз бәрін мұқият тексердік», - деді Ержан Сәденов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар