Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰҚК қамаудағы Мәсімовтың жағдайымен бөлісті

07:49, 21 сәуір 2022 358

Мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алмақ болды деген күдікпен қамауға алынған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамаудағы жағдайға, оның ішінде медициналық көмекке шағым түсірмеген.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Мәсімовтің денсаулығы нашарлағанын, оны босату қажет деген ақпарат тараған.

«ҰҚК-нің тергеу изоляторының жағдайында К.Мәсімов Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес материалдық және медициналық қамтамасыз етілуде, ол қамауда ұстау уақытына қанағаттанбау туралы шағым түсірмеді. Соның ішінде медициналық қамтамасыз ету бойынша» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар