Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰҚК қайта құрылады. Жаңасынан не күтеміз?

12:12, 26 мамыр 2022 312
 



Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» жарлығының мәтіні жарияланды.

Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың кейбірі қызметтік мақсатқа жатқызылған.

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесіне:

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Техникалық ақпаратты қорғау орталығы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығын Техникалық ақпаратты қорғау орталығына біріктіру арқылы Ақпаратты қорғау және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарын даярлау;

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті оның құрамынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау қаласының жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті оның құрамынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы қаласы бойынша қамтамасыз ету департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы;

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті оның құрамынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» қамтамасыз ету басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы;

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметі оған «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің Авиация департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы бекітілсін.


Құжаттың толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

17 мамырда ел президенті «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Ол ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында президенттің 15 жарлығына өзгерістер енгізеді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта құрылып, оңтайландырылды.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар