Елімізде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақыты алға жылжуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Үкімет кулуарында журналистер:«Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуынан әлеуметтік желіде жұмыс уақытын бір сағат ерте бастауға қатысты ұсыныс түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз? Еңбек министрлігінің жоспары қандай?».
Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес, — деп жауап берді Светлана Жақыпова.
Министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.
Ұсыныс бердік, яғни, жұмыс бір сағат ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес, — деді ведомство басшысы.