Түркіменстанның экс-президентінің ұлы Сердар Гурбангулы тиісті қаулыға қол қойды.
Бұл туралы Inbusiness.kz. хабарлады.
«Ақалтеке жылқыларының даңқын – халықтың ұлттық мақтанышын дәріптеу үшін Түркіменстан президенті Ақалтеке уәлаятының хякимликіне атақты Ақхан жылқысының мүсінімен монументті жобалау және салу үшін Sportontyldyzy жеке кәсіпорнымен келісімшарт жасасуға рұқсат беру туралы қаулыға қол қойды» делінген Түрікменстан Үкіметінің сайтында.
Ескерткіш биыл мамырда салынып, жыл соңына дейін аяқталуы керек.
Түрікменстанда Ақхан аты аңызға айналған жылқы болып саналады. Оны Түрікменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзі баптаған.
Дереккөз