Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістанда сот әйелін ұрып өлтірген ер адамды 17 жылға соттады

13:27, 16 тамыз 2022 273
[ad_1]



16 тамыз Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үйінде әйелін асқан қатыгездікпен ұрып-соғып өлтірген Абибулла Мамешовті кінәлі деп танып, 17 жылға түрме жазасына кесті. Сотта Мамешов айыбын ішінара мойындағанымен, үкіммен келіспеді.


Судья Қасым Қалмағамбетов 43 жастағы Мамешов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеде өтейді деп шешті. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелет жасқа толмаған үш баласы мен зейнет жасындағы әке-шешесі бар екенін ескерген. Тергеу тарапы ол қылмысты ішімдік ішіп, есірткі қолданып жасағаны айтты. Ал прокуратура судьядан Мамешовті 25 жылға соттауды сұраған еді.


Үкім күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.


Оқиға 29 сәуір күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ынталы ауылында болған. Іске дәлел ретінде тіркелген айғақ заттардың ішінде қанға боялған жас балалардың киімі бар. Бұл оқиға бойынша іс құжаттары сотқа 8 тамызда түскен.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар