Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туберкулез – толығымен сауығып кететін ауру, елде дәрілері мен емі тегін – маман

08:54, 13 мамыр 2022 295
Туберкулез де ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Мамандардың айтуынша халықта туберкулезге байланысты қорқыныш пен үрей қалыптасқан. Бұл туралы Қазақстандағы туберкулез ауруының қазіргі жағдайы туралы ҚР Ұлттық фтизиопульмонология орталығында өткен баспасөз жиыны барысында айтты деп хабарлайды Alash.kz тілшісі.

«Камеда» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға БАҚ өкілдері қатысып, Ұлттық орталықтың атқарған жұмыстарымен танысып, елдегі коронавирус эпидемиологиясынан кейінгі туберкулез ауруының таралуы, алдын алу шаралары, емдеу ісі туралы ақпараттарымен бөлісті.

[caption id="attachment_6341" align="alignleft" width="318"] ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева[/caption]

ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева айтуынша халық ішінде туберкулез ауруына қатысты теріс пікір қалыптасқан, көпшілігі ауруын жасырады.
«Туберкулезге қатысты ақпарат дұрыс таралмай жатқан сияқты. Коронавирус пандемиясы болғанда ешкім ауруын жасырған жоқ, емделіп шыққандарын ашық айтып жүрді. Туберкулез де ауа арқылы берілетін жұқпалы ауру. Одан емделіп шығуға болады. Басқа ауруларға қарағанда ұзағырақ емделеді, бірақ құлан таза айығып шығу үшін барлық дәрілері бар. Халық арасында туберкулезге деген көзқарасты өзгертуде ақпарат құралдарының рөлі зор» дейді П. Жазықбаева.

Департамент басшысының айтуынша еелімізде туберкулезге шалдыққандар тегін емделеді және әлемдегі озық дәрі-дәрмектің барлығын тұтына алады. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы 2014-2020 жыл аралығында туберкулезбен күресу бойынша кешенді жоспар іске асырылған.
«Бұл жоспар Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Бес жыл ішінде осы жоспарды кешенді түрде іске асырдық. Соның нәтижесінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды. Өлім көрсеткіші 4 есе төмендеді. Қазір адамдар туберкулезден көз жұмбау керек деген бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені әлемде туберкулезді анықтайтын диагностика, оны емдейтін озық дәрінің барлығы бізде бар және ол науқастарға тегін беріледі» деді ол.

Жазықбаеваның айтуынша туберкулезге күдік туса кез келген медициналық ұйымнан тексерістен өтіп, екі сағаттың анықтап береді. Тіптен оның қандай кезеңде екенін, дәріге төзімділігіне дейін бірден анықтауға болады екен. Сонымен қатар республикалық бюджеттен әлемдегі мықты дәрінің барлығын алуға қаржы бөлінген. Науқастың қалтасынан ешқандай шығын шықпайды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар