Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп фаст-фуд желісінде картоп қуырып, жұмыс істеді

13:05, 21 қазан 2024 228

Республикалық партияның АҚШ президенттігіне кандидаты Дональд Трамп Пенсильвания штатында McDonald's фаст-фуд желісінің қызметкері болып жұмыс істеді, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайты.

Трамп Фистервил қаласындағы McDonald's мейрамханаларының біріне келіп, алжапқыш тағып, бірнеше порция фри жасады. Сонымен қатар, мекемеге келушілерге өз есебінен бірнеше тапсырыс берді. 

Фаст-фуд мейрамханасында жарты сағат болған кезінде Трамп мекемедегі жұмыс ұнағанын атап өтті. Ол мейрамханада қайта жұмыс істеуге тырысатынын жоққа шығармады. 

Жарты сағаттық ауысым аяқталғаннан кейін Трамп журналистермен сөйлесті. БАҚ өкілдерімен әңгімелесу барысында ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен байланысқанын жеткізді. Израиль билігі АҚШ президенті Джо Байденді тыңдамағандықтан қазір қауіпсіз екенін айтты.

Трамп сонымен қатар өзінің демократиялық сайлауалды қарсыласы, АҚШ вице-президенті Камала Харристі 60 жасқа толуымен құттықтап, оған туған күніне қуырылған картоп таяқшаларын сыйлайтынын мәлімдеді.

Харрис бұған дейін студент кезінде McDonald's-те толық емес күнге жұмыс істеп, картоп қуырғанын бірнеше рет айтқан. Алайда Трамп өзінің демократиялық қарсыласының өтірік айтқанын жеткізді. Айтуынша оның McDonald's-тегі жұмысы туралы ешқандай жазба сақталмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?