Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

01 маусым 2022 156
 



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды. 

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азамат марапатталды.

I дәрежелі «Барыс» орденімен



  • Жұрынов Мұрат – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті;


IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен



  • Әбділдин Жабайхан – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі

  • Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі

  • Кішібеков Досмұхамед – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;


«Парасат» орденімен



  • Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Орталығының директоры

  • Блиев Назарбай – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі

  • Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры

  • Күрскеев Әбдірахман Козлоевич – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері

  • Пак Иван Тимофеевич – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі

  • Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры

  • Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы – «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі;


«Құрмет» орденімен



  • Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы – «А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы

  • Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры

  • Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – «Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры

  • Косов Владимир Николаевич – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі

  • Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры

  • Медеу Ахметқал – «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы

  • Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы – «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры

  • Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры

  • Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы – «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі

  • Төлешов Амандық Қуатұлы – Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры;


«Ерен еңбегі үшін» медалімен



  • Дәулетов Асқар Ербұланұлы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы.


Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?