Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Президент елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Гүл шоғын қою арқылы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.
Дереккөз