Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тоқаев «Бейбітшілік кеңесінің» Жарғысына қол қойды (ВИДЕО)

16:03, 22 қаңтар 2026

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған Газадағы жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» Жарғысына қол қойды, деп жазады Alash.KZ.

Еске салайық, Трамп Тоқаевты ресми түрде осы ұйым құрамына шақырған. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаев алғыс хат жолдап, қатысуға келісімін растады және Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға және жаһандық тұрақтылыққа үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Жарғыға 18 ел қол қойды, ал Трамп «Бейбітшілік кеңесінің» төрағасы болып тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар