Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Анам біліп қоймасын деп, мойын тұсынан 10 рет пышақ сұқтым..." - Диана Оңғарбаеваны өлтірген оқушының түсініктемесі жария болды (ВИДЕО)

18:04, 21 қаңтар 2026

Шымкентте мектеп оқушысы қолынан аяусыздықпен қаза болған Диана Оңғарбаеваның анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп жазады Alash.kz.

Сот шешіміне көңілі толмаған жәбірленуші 7 жылға бас бостандығынан айырылған 11-сынып оқушысының тергеушіге берген жауаптарын ел алдында жария етті.

Тергеуші сұрағы: Айтыңызшы, бұл қылмысты жасауға не себеп болды деп ойлайсыз?

Күдікті жауабы: Жыныстық қатынасқа түсу үшін болды.

Тергеуші сұрағы: Айтыңызшы, бұрын-соңды бұл азаматшамен араңызда қандай да бір қарым-қатынас болды ма?

Күдікті жауабы: Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. 

Тергеуші сұрағы: Айтыңызшы, Диана есімді азаматша Шымкент қаласы, Диваева көшесі "**" үйге келген кезде сізде ол азаматшаға қатысты ашу-ыза болды ма?

Күдікті жауабы: Жоқ. Болған жоқ!

Тергеуші сұрағы: Айтыңызшы, сіз осы қылмысты жасаған соң не ойладыңыз? Қандай сезімде болдыңыз? 

Күдікті жауабы: Бұл қылмысты жасаған соң менде өкініш болды. 

Тергеуші сұрағы: Айтыңызшы, қылмысты алдын-ала жоспарладыңыз ба? Әлде аяқ-астынан болды ма?

Күдікті жауабы: Бастапқыда, адам өлтіру ойымда болған жоқ. Тек қана жыныстық қатынасқа түсу болды. 

Тергеуші сұрағы: Айтыңызшы, қылмыс жасағаннан кейін, өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Күдікті жауабы: Қылмыс жасағаннан кейін менде қорқыныш сезімі болды. 

Диананың анасы Қарлығаш Оңғарбаева сот процесі тұсында дәл осы түсініктеменің қаралмағанын айтты:

Телеграм әлеуметтік желісі ішінен "Шымкент жұмыс" деген группаны тауып, "уборкаға қыздар керек" деп жаздым. Менің бұлай жазған себебім, мен тұрып жатқан үйге тазалық жұмыстарын жасауға келген қызбен жыныстық қатынасқа түсемін деп ойладым. Сөйтіп, менің Телеграм әлеуметтік желісіне жазған хабарлама толық аты-жөні есімде жоқ "Диана" деп сақталған азаматша менен қандай жұмыс екенін және мекен-жайын сұрады. Содан мен ол азаматшаға үйге тазалық жұмыстарын жасау керек екенін және Шымкент қаласы, Диваева көшесіне келу керек екенін жазып жібердім. Осыдан кейін Диана есімді азаматша Шымкент қаласы, Диваева көшесі "**" мекен-жайға сағат 19:00 шамасында келді. Содан ол азаматша үйге келген соң менен "тазалық жұмыстарын жасайтын үй осы ма?" деп сұрады. Сол кезде мен оған "иә" деп жауап бердім. Содан толық аты-жөні есімде жоқ "Диана" есімді азаматша Шымкент қаласы, Диваева көшесі "**" мекен-жайдағы тұрғын үйге тазалық жұмыстарын жасауды бастады. Үйге тазалық жүргізудің нақты бағасына келіскен жоқпыз. Содан толық аты-жөні есімде жоқ "Диана" есімді азаматша осы күні сағат 20:00 шамасында үйге тазалық жұмыстарын жасап бітірген соң менен "жұмыс ақысы 15 мың теңге болғанын және сол ақша қаражатын сұрады. Сол кезде менде 15 мың теңге ақша қаражаты жоқ болатын. Содан мен өзімнің анама қоңырау шалған кезімде анам менің қоңырауыма жауап бермеді. Сөйтіп, толық аты-жөні есімде жоқ "Диана" есімді азаматша "анаңыздың абоненттік нөмірін берсеңіз, мен қоңырау шалып көрейін" деп айтқан соң, мен оған анамның абоненттік нөмірін бердім. "Диана" есімді азаматша менің анамның абоненттік нөміріне өзінің ұялы телефонымен қоңырау шалған кезінде анам телефонына жауап беріп қалды. Сол кезде "Диана" есімді азаматша менің анамнан "жұмысты аяқтағанын, ақысын аударуын" сұрады. Содан анам менің бұлай жасап жүргенімді біліп қоймасын деп, үйдің артындағы кательный сияқты кіші үйдің ішінен сабы ағаштан жасалған ас үй пышағын алып келіп, "Диана" есімді азаматша артқа қарап тұрған жерінен мойын тұсынан шамамен 10 рет ас пышағын тығып, одан кейін жерге құлаған кезінде сол жақ бүйір тұсынан 1 рет тығып алдым. Сол мезетте "Диана" есімді азаматша маған ешқандай қарсылық көрсете алмады. Осыдан кейін "Диана" есімді азаматша өлгенін нақты білгеннен соң астындағы ақ түсті шалбарын шешіп, өзімнің үстімдегі қара түсті спорттық шалбарым мен қара түсті іш киімімді шешіп, "Диана" есімді азаматша  үйдің артында басы жерге ет-бетінен қарап жатқан кезінде мен өзімнің аталық жыныстық мүшемді оның аналық жыныстық мүшесіне енгізіп, шамамен 1 минут өткен соң мен өзімдікін бітірдім. Мен өзімнің аталық жыныстық мүшемнен шыққан сұйық шәуетті сыртқа бітіріп тастадым. Содан жердегі қанның барлығын колонкадағы сумен жуып, мәйітті үйдегі жасыл қапқа салып, үйге жақын орналасқан азық-түлік дүкенінен қоқыс салатын пакет пен скотч алып келіп, мәйіттің сыртын қаптың сыртынан қара түсті пакетпен орап, скотчпен орай әлгі жердің қандарын қайта тазалап 22.07.2025 жылы сағат 02:30 шамасында мәйітті үй ауласындағы арбаға салып, дүкеннен өткеннен кейінгі қоқыстар жанына апарып тастадым. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар