АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Иран билігі өзін өлтіруге әрекет жасаса, елге жойқын соққы берілетінін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
«Не болса да, бүкіл елге соққы жасалады. Мен оларға өте қатты соққы берер едім», - деді Трамп NewsNation арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, шабуылдар Иранның барлық аумағын қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, Трамп экс-президент Джо Байденді сынға алып, оның президенттігі кезінде Иран тарапынан төнген қауіптерге жеткілікті деңгейде қатаң жауап бермегенін айтты.