Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызын үйге қамап, өзі қонаққа кеткен" -СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы қамауға алынды

14:44, 22 қаңтар 2026

18 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Қайғылы оқиға салдарынан бес жасар бала мерт болды, деп жазады Alash.KZ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көз жұмған қыздың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында әйелдің баласын үйде жалғыз қалдырып, есікті сыртынан құлыптап, өзге жаққа кеткені анықталған. Өрт кезінде үйде қамалып қалған бала сыртқа шыға алмай, қаза тапқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Төтенше жағдайлар қызметі жеткен кезде үй толықтай жалынға оранған, тіпті ғимараттың шатыры да құлаған. Өртті ауыздықтауға 35 маман мен 11 бірлік техника тартылды. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт пешпен жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан туындаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар