Маңғыстау облысының Шетпе ауылында 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlash.kz.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп жатыр. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға байланысты мынадай мәлімдеме жасады:
"Шақырту бүгін, 20 қаңтар күні түсті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша, оқиға өз-өзіне қол жұмсау дерегіне ұқсайды".
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұмның денесі жеке үйдің ауласында орналасқан шаруашылық құрылыстың ішінен табылған. Сондай-ақ қайтыс болған азаматтың еш жерде жұмыс істемегені белгілі болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Құқық қорғау органдарының мамандары болған жайттың нақты себептерін анықтау үшін тексеру шараларын жүргізіп жатыр.