Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Топан судың фото-видеоларын таратқандарға 121 миллион теңге айыппұл салынады

17:06, 23 сәуір 2024 742

Дубайда топан судың фото-видеоларын таратқандар жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Аlash.kz Bugin.kz сайтына сілтеме жасап. 

БАӘ билігі толассыз жауған жаңбыр мен ғимараттардың су астында қалған суреттер халықты әбігерге салып жатқанын айтқан. Сондықтан суреттерді таратқандарға жаза қолданбақ. Айыппұл материалдардың көлеміне байланысты және 1 миллион дирхамға жетуі мүмкін. Ол Қазақстанда 121 345 627 теңгені құрайды.

Біріккен Араб әмірліктерінде болған биылғы жауын соңғы 75 жылдағы ең жоғары деп тіркелді. Салдарынан әуежай мен Дубайдағы ең ірі сауда орталығы Dubai Mall су астында қалды.

289 қазақстандық Дубайда қалды. Тұрақсыз ауа райы жағдайында Дубай билігі мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушыларының қашықтан жұмыс істеу және оқу мерзімін ұзартты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар