Қазақстанда әншілердің бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық екені анықталды, деп хабарлады Alash.KZ порталы KTK телеарнасына сілтеме жасап.
Тойда өз өнерін ортаға салатын ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Оны тойға шақырту - 5 миллион теңге.
Жанболат пен Жазираның гонорары 2 жарым миллион теңге. Бұл соммаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды. Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2 жарым миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда, қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді.
Әнші Айқынның шарты да осындай.
Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал. Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен.
Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.