Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тілі бөлек болғанмен, тілегі бір

17:21, 02 мамыр 2022 369
«1-мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні» қарсаңында, нақтырақ айтқанда 29-сәуір күні Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінің шаруашылық қызмет көрсету жасағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.



Қазақстанды мекендеген жүздеген ұлт өкілі бір шаңырақтың астында ынтымағы жарасып бірге өмір сүріп келеді. Жүзі басқа болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір, мақсаты мен міндеті ортақ, бірлігі мықты, достығы берік әр ұлт өкілдері қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Тәуелсіздіктен бері қаншама қиын күндерді, қаншама жақсы сәттерді әр ұлт халқы бірге қарсы алып келе жатыр. Мұның бәрі Отаны бір Қазақстан деген ұлы халықтың дәстүрге айналып кеткен ісі.



Мерекелік іс шара сотталғандар дайындаған концерттік бағдарламалармен жалғасты. Шаруашылық жасағындағылар өз өнерлерін барынша ықыласпен қойды. Шымылдық ашылысымен ең алғашқы өнер көрсеткен азамат Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен бастады кешті. Сонымен бірге, түзету мекемесіндегілер қазақ халқының қарапайымдылығын, жомарттығын, қонақжайлығын көрсететін қойылымдар қойды. Нақтырақ айтқанда қазақ халқының қонақты қарсы алу, күту, шығарып салу дәстүрі көрсетілген. Яғни орыс ұлтының өкілдерін қарсы алу шарасы сахналанған. Одан кейін қазақ орыс ұлтының өкілдері өздерінің ризашылықтарын білдіру үшін жасаған әртүрлі тағамдарды қазақтарға ұсынады. Осындай көріністер қойылған. Бұл бүгін сахнада қойылғанмен, өмірден алынған картина екені даусыз.

Концерттік шара мұнымен бітпеді. Қонаққа келген татар ұлтының өкіліне қазақ халқының дәстүрін таныстыру, тарихын түсіндіру сияқты көріністер көрсетілді. Бұл жолғы іс-шара бұрынғы өткен мерекелік концерттерден қызықты әрі тартымды өткені қатысушылардың көздерінен көрініп тұрды. Мерекелік шараның түйіні «Здравствуй, столица» әнімен аяқтады.

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар