Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тегеран Ресей ертең Байқоңырдан ұшыратын Иран спутнигін Иранның өзі ғана бақылайтынын мәлімдеді

08:12, 08 тамыз 2022 295
Тегеран Иран спутнигін Мәскеу Украинадағы соғыс мақсаттарына пайдалануы мүмкін деген болжамды теріске шығарды.



Бұған дейін халықаралық БАҚ Батыс барлауының мәліметтеріне сүйене отырып, 9 тамызда Иранның "Хайям" спутнигін ұшырған соң "Ресей оны Украинадағы соғысқа байланысты қажеттіліктеріне пайдалануы мүмкін" деп хабарлаған.

"Бұл спутиникті бақылау және пайдалануға байланысты бұйрықтардың бәрін спутник ұшқан сәттен бастап Иран сарапшылары жүзеге асырады", — деп жазылған 7 тамызда Иранның ғарыш агенттігі жасаған мәлімдемеде.

"Хайям" спутнигі ертең, сейсенбіде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады. "Роскосмос" мәліметіне қарағанда "аппарат "Роскосмос" аясына кіретін кәсіпорындарда жасалған".

4 тамызда Washington Post газеті Ресей бұл спутникті Иранға бермес бұрын "бірнеше ай бойы Украинадағы соғысқа пайдаланады" деп жазған. Алайда Иран мәліметтерді беру кезіндегі шифр алгоритмі ақпаратты үшінші елдің алуына мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді.

Батыс спутник ұшыру жүйесіне ядролық оқтұмсық жеткізе алатын баллистикалық зымыранмен тең технология пайдаланылады деп алаңдайды. Тегеран өзінің ғарыш бағдарламасы тек қана қорғаныс және бейбіт мақсатттарға арналғанын айтып отыр.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар