Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тас-талқанын шығарамыз»: Трамп Оманға қатаң ескерту жасап, сес көрсетті

23:31, 17 тамыз 2026

АҚШ-тың басты мақсаты – Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Трамптың айтуынша, Тегеран бейбіт келісімге келіп, Вашингтонның негізгі талабын қабылдауына әлі де мүмкіндігі бар.

«Басты мақсат – Иранның қандай да бір түрде ядролық қаруға ие болмауы және бұл мақсат өзгермейді», – деп жазды Дональд Трамп.

Сонымен қатар Трамп Оманға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, егер ел АҚШ-тың әрекеттеріне кедергі келтірсе, соққы жасайтынын айтып, сес ескертті.

«Егер Оман біздің жолымызды бөгейтін болса, біз олардың тас-талқанын шығарамыз», – деді Трамп.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар