Әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында жазба жариялап, жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі докторантураға түсу үшін емтихан тапсырғанын айтты.
Сондай-ақ әнші қоғамда өнер адамдарына қатысты қалыптасқан көзқарасты сынға алды.
Оның сөзінше, әртістерді «білімсіз», «клоун» ретінде қабылдау – қате түсінік. Айгүл Иманбаева өнер мен білімді қатар алып жүріп, шәкірт тәрбиелеуге болатынын айтып, өз ұстанымын білдірді.
"Қоғамда қалыптасқан өте қате, теріс түсініктер бар. Әртіс-білімсіз, әртіс-клоун дейді. Бұл өте дұрыс емес ұғым. Мен өзім оқығанды, ізденгенді жақсы көремін. Төрт дипломым бар. Докторантураға тапсыру себебім мен 20 жылдық педагогикадағы жұмыс өтіліммен зерттейтін дүние өте көп. Өнердің қоғамдағы қызметі өте маңызды. Өнер адамдары жер дауы, ел дауы болғанда алдыңғы шепке лақтыратын клоун емес. Ақымақ адамдардың қатарында емес. Қоғамда айтары бар, атқаратын міндеті, алып жүретін миссиясы бар мамандық иесі. Ол үшін тек оқу керек, даму керек. Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын. Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын", - деді Айгүл Иманбаева.