Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңартылған бағалау жүйесі: Аралық бағалау енгізіледі – Оқу-ағарту министрлігі маңызды өзгеріс жайлы айтты

19:44, 17 тамыз 2026

Мектеп бағдарламасына жаңа бағалау түрі – аралық бағалау енгізілмек. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, формативтік бағалау оқушының күнделікті оқу барысындағы жетістігін көрсетсе, аралық бағалау белгілі бір бөлім аяқталғаннан кейін меңгерілген білім мен дағдыларды қорытындылауға бағытталады.

«Аралық бағалаудың енгізілуімен бағалау жұмыстарының құрылымы да өзгереді. Жаңартылған тәртіп бойынша тоқсан соңында бөлек ТЖБ өткізілмейді. Оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесі аралық бағалау арқылы анықталады және тоқсан соңында бұрынғы бағаланған бөлімдерді қамтитын жеке жиынтық жұмысы жүргізілмейді. Нәтижесінде тоқсан ішіндегі бағалау жұмыстарының саны бір жұмысқа қысқарады. Бұл білім алушының бағалау жүктемесін оңтайландырады және педагогтің ТЖБ тапсырмаларын бөлек әзірлеу, өткізу және тексеруге жұмсалатын уақытын қысқартады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Аралық бағалаудың тағы бір ерекшелігі – оның форматы және мазмұны. Енді диктант, бақылау, шығарма, мазмұндама секілді жазба жұмыстары аралық бағалаудың негізгі нысандарының бірі болады. Оларды орындауға толық сабақ уақыты – 45 минут беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар