Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тарихи негізделген уақытқа оралдық": Уақыт белдеуінің ауысуы дұрыс шешім бе?

12:28, 19 қараша 2024 442

Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеру тарихы елдің байырғы оқиғаларымен, яғни, алдымен патшалық, кейіннен кеңестік билік белгілеген саяси шешімдермен тығыз байланысты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұрын билік әр өңірге сәйкес әртүрлі уақыт белдеуін қолданған еді.

Егер еліміздегі уақыт белдеуінің тарихын талдайтын болсақ, ең ұзақ қолданылғаны – дәл осы UTC+5.

Елдің географиялық орналасуын ескерсек, бұл уақыт белдеуі ең қолайлы саналады.

Қазақстанда уақыт есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы алдыңғы уақыт белдеуі UTC+6 алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни "бұйрықтық" уақытты ("уақыт белдеуі+бір сағат") қолдану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде 5-ші уақыт белдеуінде жатқанына қарамастан.

Жалпы, советтік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен 8 рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстан табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады.

Сондай-ақ, бүгін үкімет уақыт белдеуіне қатысты толқуларға қатысты нүкте қойды.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз сөзінде уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар