Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мектеп формасын сақтамаса, ата-анасы жауапқа тартылады» - Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты мәселеге нүкте қойды

22:28, 17 тамыз 2026

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мектеп формасы қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Alash.kz

Вице-министр "Білім туралы" заңға сәйкес, оқушы мектеп формасын талапқа сәйкес кимей келген жағдайда, оны оқу процесінен шеттетуге болмайтынын айтты.

«Білім туралы» заңға сәйкес, балаларды оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді. Бала сапалы білім алуға құқылы. Сондықтан баланы мектепке кіргізбеуге болмайды, – деді бірінші вице-министр.


Алайда оқушы мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамаса, ата-аналар жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

"Білім туралы" заңда оқушыларға қатысты 47-бап және ата-аналарға қатысты 49-бап бар. Білім беру ұйымы ата-аналармен және қамқоршылық кеңеспен бірлесіп белгілеген мектеп формасын кию талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған”, – деді Шынар Ақпарова.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабына сәйкес, талапты алғаш рет бұзған жағдайда ата-анаға ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл 21 625 теңгені құрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар