Талғар қаласының әкімінің лауазымына үміткер Сапарбек Назарбаев тіркелді.
Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі хабарлайды.
«Назарбаев Сапарбек Мұхтарұлы – 28 қаңтар 1977 жылы Өзбекстан Республикасы, Амудария ауданы, Мангит қаласында туылған. Қазақ. Экономист. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазіргі уақытта «Сейф-ломбард» ЖШС-нің автоломбарды дамыту жөніндегі менеджері. Өзін-өзі ұсынған. Талғар қаласының тұрғыны» делінген хабарламада.
Әлеуметтік желі қолданушыларының әкім лауазымына үміткердің тегі қызықтырды. Жұртшылық оны тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы деп санайды.
Дереккөз