Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Суррогат ана туып берген сияқты”: сәбилі болған Баян Мақсатқызы желіде талқыланды

14:17, 06 тамыз 2024 1955

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының үшінші рет сәби сүйгенін көпшілік қызу талқылап жатыр деп хабарлайды Alash.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шығып, жеті жылдан кейін қызды болды. Алайда желі қолданушылары “суррогат ананың” туып бергенін болжап жатыр. 

“Қызы Айсәуле туды ма деп ойлап қалдым”, “50 жастағы ананың босануы мүмкін емес”, “Суррогат ана туып берген сияқты”, “Күні кеше ғана сұхбат берді, ол кезде ешқандай іші білінген жоқ”, “Әрі жас әже, әрі жас ана болып отыр”, “Қызымен жарысып туды деген осы”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Алайда продюсердің әріптестері жаңалыққа қуанып, жаппай бөлісіп жатыр. Блогер Айсәуле Бақытбек те желіге жазба жариялап, анасының қуанышын растады. 

“Сіңлім екеуміздің арамыз – 28 жас. Біз сені күттік. Біздің көңілді отбасыға қош келдің! Мен әлі босанбадым. Жұрт мені босанды деп ойлап қалыпты. Бұл біздің қызымыз емес, мама мен Тұрсен ағаның қызы”, – деп жазды блогер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар