Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Еліміздің бас педагогі ұстаздар асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

13:06, 24 қараша 2025 239

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс жүктемесі жайлы мәлімдеме жасап, қандай өзгерістер болатынын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Сол заңның аясында мұғалімдердің апталық жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш екі есе көп еді. Өзім де кезінде аптасына 42 сағатқа дейін жұмыс істегенмін", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр педагогтерге сағат бөлу барысын ашық ету үшін цифрлық жүйе енгізілетінін атап өтті. 

"Қазір біз Еңбек министрлігімен бірлесіп бұл процесті цифрландыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Сағаттар оқушы санына және сынып-комплектке қарай бөлінеді. Мәліметтер толық цифрландырылып, ашық қолжетімді болғанда, қаржылық бұзушылықтарға жол берілмейді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар