Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан FIFA футбол турнирін қабылдайды

16:30, 22 қараша 2025 76

Қазақстан Республикасы FIFA Series турнирінің қожайын елдерінің бірі атанды, деп хабарлайды Alash.KZ ҚФФ-ға сілтеме жасап.

FIFA Series турнирі алғаш рет 2024 жылы пилоттық режимде өткен еді. Келесі турнир 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында ұйымдастырылады. Оның басты идеясы – әртүрлі футбол конфедерацияларына кіретін ұлттық құрамалар арасында матч өткізу.

ҚФФ мәліметінше, Қазақстан FIFA Series 2026 турниріне қатысушы ғана емес, сонымен қатар қожайын елдердің бірі болады.

«Қазақстан ерлер құрамалары арасында өтетін FIFA Series 2026 матчтарын қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Қазақстаннан бөлек, турнирдің қожайындары: Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан», – делінген хабарламада.

FIFA Series аясында әйелдер құрамаларының да матчтары өтеді, бірақ Қазақстан оларды қабылдамайды. Әйелдер турнирінің белгілі қожайын елдері – Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиланд.

Турнирге қатысатын барлық командалардың толық тізімі әзірге анықталған жоқ. Ол тек 2026 жылдың басында белгілі болады.

ҚФФ-да турнирдің форматымен де бөлісті:

«FIFA Series топтары төрт құрлықтан іріктелген төрт команданы біріктіреді. Әр команда екі жолдастық матч өткізеді. Бұл формат құрамалардың күнтізбесін көбейтпей, халықаралық ойындардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, жақында Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойынын аяқтады. Мундиальға өте алмаса да, соңғы ішкі матчта ұлттық құрама Бельгиямен сенсациялық тең нәтиже көрсеткен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар