Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ол – рас! Ондай кемшіліктер болды»: Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың фильміне айтқан сынына қатысты тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19:19, 23 қараша 2025 203

Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанованың жаңа фильміне айтқан сынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман жақында Мөлдір Мұқанованың жаңа фильміне қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударған еді. Кейбір оқырмандар оның ойына қарсы пікір білдірген.

Қазір Бақыт Тұрман бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме жасап, ешқандай реніш жоқ екенін жеткізді. Ол фильмдегі кемшіліктер туралы айтқаны шын ойы екенін және Мөлдір Мұқанова да бұл жайтты мойындағанын айтты.

«Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды. Мен әрдайым шын пікірімді айтамын, сондықтан ешқандай реніш туындамайды деп сенемін. Болды, бәрі орнына қойылды», – деді Бақыт Тұрман

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл түсініктемеге бей-жай қараған жоқ. Кейбір пікірлерде:

«Қайраттың фильмін неге сынға алмайсың?»

«Жақында Қайраттың да фильмі шығады ғой. Соған жасап жатқан хайп шығар»

«Бұл Тұрсынбектің тапсырысы сияқты»


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар