Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада үш жасар қыз тісін емдеткеннен кейін қайтыс болды

18:34, 22 қараша 2025 103

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта «Дент Парк» стоматология клиникасының анестезиолог-дәрігеріне қатысты іс қарала бастады, деп хабарлайды Alash.kz сайты qaz365.kz порталына сілтеме жасап. Бірақ алғашқы отырыс адвокаттың қатыспауына байланысты кейінге қалдырылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, анестезиолог Аида Жұмағалиева 2024 жылдың 30 қазанында қызметтік міндетін тиісінше орындамаған. Ол қарсы көрсетілімдерге қарамастан, үш жастағы қыз балаға севоран препаратымен ұзақ уақытқа созылған жалпы анестезия жасаған. Соның салдарынан бала көз жұмған.

Қыздың әкесі Талғат Құмаровтың айтуынша, марқұм Зере Есентай 3 жарым жаста болған. Анасы оны Мұхаммедханов көшесіндегі «Dent Park Ortho» клиникасына тісін емдетуге апарған. Алғашында 10 тісін емдеу жоспарланса, операция барысында дәрігер емделуге тиіс тістердің санын арттыру қажеттігін айтқан.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар